• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2017

Түлек өзі оқыған мектепке бір миллион теңге сыйлады

186 рет
көрсетілді

Қарабалық ауданындағы Приречное селосындағы мектепке  осы білім ошағын бұрын бітірген кәсіпкер Сәуле  Шәуенова түлектердің дәстүрлі кездесуінде  бір миллион теңгенің сертификатын әкеліп тапсырды. Осы қомақты қаржыны ол өзінің, отбасының және әкесінің атынан табыс етті.

Сәуле Шәуенова жеңіл өнеркәсіп саласындағы «Ютарияltd» компаниялар тобының негізін салушы және бас директоры. Компания бүгінде тек Қазақстан ғана емес, одан да сырт жерлерге танымал. Ауыл мектебіне мұндай қаржыны жергілікті бюджет бере алмас еді, білім ошағының көптеген  проблемасын шешетін бұл көмекке  педагогика ұжымының қуанышында шек болған жоқ.

Бұл туған мектебіне түлектің бірінші қолқабысы емес. Былтыр ол мектеп асханасын мебельмен, асханалық құралдармен толық жабдықтап берген еді. Ұстаздары шәкіртіне  алғысын айтты.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Қарабалық ауданы